Жаңалықтар

5 қыркүйек 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді.

Президент Тайынша қаласындағы «Биохим» акционерлік қоғамындағы өндірістің іске қосылуына қатысты.

 
- Мен сіздерді біздің ен даламыздағы астық алқабының ортасында бірегей кәсіпорын құрылысының аяқталуымен құттықтаймын. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап мен ауыл шаруашылығына ерекше назар аударып келемін, өйткені осы саланың барлық қиындықтары мен мүмкіндіктерін жете білемін. Ауыл шаруашылығын көтермей тұтастай экономиканы көтеру мүмкін емес. Қазақстанның астығы біздің экспортқа шығаратын ең таңдаулы тауарымыз болып табылады. Мұндай аграрлық өндірісті индустрияландыру жөніндегі жобаларды жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен қайта өңдеу саласындағы кластерлік бастамаларды жүзеге асыру әлемдік рынокта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға жәрдемдесетініне сенемін, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев зауыт ұжымы алдында сөйлеген сөзінде.

 
«Биохим» өндірістік кешенінің құрылысына Қазақстан мен Ресейдің 28 кәсіпорны, сондай-ақ жетекші Еуропа елдерінің мамандары қатысты. Құны 11,5 миллиард теңге тұратын осы кәсіпорын инновациялық технологияларды пайдалану арқылы биоэтанол, азықтық ашытқы, көмір қышқыл газын, ұн шығаруға бағытталған. Жобаны жүзеге асыруға Қазақстанның даму банкі қатысады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар