Жаңалықтар

9 сәуір 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі композитор, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Еркеғали Рахмадиевтің өмірден озуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Жеделхатта Еркеғали Рахмадиұлы өзінің ұзақ та ғибратты ғұмырында жемісті еңбек етіп, ұлттық музыка өнері мен мәдениетіміздің дамуына үлкен үлес қосқаны атап өтілген. Ол халыққа танымал опералық шығармалардың, әндер мен романстардың авторы атанды, Мәдениет министрі болды, еліміздің ірі өнер ұжымдарының жұмысына жетекшілік етіп, Композиторлар одағын басқарды.

Қай қызметте де өзін білікті басшы, талантты ұйымдастырушы ретінде көрсетіп, білімі мен тәжірибесін туған елінің көркейіп, кемелденуіне жұмсады. Еркеғали Рахмадиұлының еңбегі еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградаларымен атап өтілді.

«Оның еңбегі ұмытылмайды, шығармалары халқымызбен бірге жасай береді деп сенемін», делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар