Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

9 қыркүйек 2019
Мемлекет басшысы Қазақстанның Үндістан мен Швейцариядағы жаңадан тағайындалған елшілерін қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үндістан, Швейцария мемлекеттеріне жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілері Ерлан Әлімбаев пен Әлібек Бақаевты қабылдады.

Мемлекет басшысы Ерлан Әлімбаевқа Үндістанмен арадағы сауда-экономикалық, инвестициялық қарым-қатынасты нығайтуды, сондай-ақ, туристік бағыттағы байланысты жандандыруды тапсырды. Атап айтқанда, Алтын Орданың 750 жылдығына және басқа да айтулы шараларға басымдық беру керектігін атап айтты.

Ал Әлібек Бақаевқа Швейцариямен осыған дейін қалыптасқан саяси, сауда-экономикалық қатынасты жаңа деңгейге көтеру тапсырылды. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар